DealerPro
Барлық мүмкіндіктер
Мәмілелер

Мәміле менеджердің жадымен емес, қадам-қадаммен жүреді

Сату, трейд-ин, комиссия, тапсырыспен импорт — мәміленің әр түрінің өз бағыты мен өз тексерістері бар. Құжаттар мәміле деректерінен жиналады, ал несиеге өтінім сол карточкадан жіберіледі.

Автосалондағы мәміле — «келістік те, саттық» емес. Бір жерде клиенттің көлігін есепке қабылдау керек, бір жерде — комиссияны рәсімдеу, бір жерде — әлі қолда жоқ көлікке тапсырыс беру. DealerPro әр мәмілені өз бағытымен жүргізеді, менеджер маңызды қадамнан аттап кете алмайды.

Әр түрдің өз бағыты бар

Стандартты сату, трейд-ин, комиссия, тапсырыспен авто импорттау және мәміленің басқа түрлері. Әрқайсысының өз кезеңдері бар: жүйе әрі қарай не болуы керегін біледі және оны менеджерге ескертеді.

Кезеңдері мен несиемен төлемі көрсетілген «трейд-ин» мәмілесінің карточкасы

Қадамды өткізіп алмайсыз

Кезеңдер арасындағы өту шарттарын өзіңіз белгілейсіз: шарт орындалмайынша мәміле әрі қарай жылжымайды. Кезеңдерге мерзім қоюға болады — созылып кеткен мәміле басқалардың арасында жоғалмайды.

Шарт үлгіден жасалады

Шарттар мен басқа құжаттар мәміле деректерінен қалыптасады: клиент, көлік және баға өздігінен қойылады. Біздің үлгілерді пайдаланыңыз немесе өзіңіздікін жүктеңіз — құжаттар сіз үйренген қалпында болады.

Мәміледен жасалған шарт

Сатып алушыға несие — мәміле карточкасынан

Клиенттің сауалнамасы оның карточкасында сақтаулы тұр. Өтінім несие брокеріне тікелей мәміледен жіберіледі, шешім де сонда қайтып келеді — мессенджерлерде скан жіберіп, «мақұлдау не болды» деп қоңырау шалудың қажеті жоқ.

Өтінім карточкасынан несие пакетін брокерге жіберуНесие өтінімі бойынша банктердің шешімдері

Бәрі өзара байланысты

Мәміле лидтен құрылады және клиент пен көлікке байланған. Алғашқы хабарламадан көлікті тапсыруға дейінгі жол тұтастай, бір жерде көрінеді.

Сұрақтар

Мәмілеңізді демо-салонда жүргізіп көрсетеміз

Қандай мәмілелер сізде ең жиі болатынын айтыңыз — көрсетілімде дәл сондайын лидтен шартқа дейін өтеміз.